Mukagali.2018@mail.ru/ May 9, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірде жасаған мәлімдемесі ол кісінің елдің көңіл-күйін, шын мәнінде, адами тұрғыдан түсінген тұлға екенін танытты. Сондай-ақ, аталған мәлімдемесінде Президент елді сабырлылық пен төзімділікке шақыра келіп, карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін де ұқтырып өтті.
Білім ордасының басшысы ретінде көңілге жылылық ұялатқаны жоғары оқу орындары мен колледждердің және мектеп секілді білім ұяларының қашықтан оқытуды жалғастыра беретіні жайлы хабар болды. Сонымен қатар, біз өз студенттерімізден Мемлекет басшысының «Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін» деген ескертпесін қатаң ұстануын талап етіп отырмыз.
Мәлімдемеде айтылған «Халқымызда «Төзім тілекке жеткізеді» деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық» деген жанашырлық сөздер әрқайсысымыз үшін күнделікті қағидаға айналуы тиіс. Осы жерде кейбір бос сөз бен жалған ақпараттарға жол беретін азаматтардың кездесетінін де ұмытпағанымыз жөн. Олар бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отырғандығын даурықпа әңгімеге айналдырып жіберуге дайын отырады. Алайда, Мемлекет басшысы мәлімдегендей, қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат мемлекет назарында болады. Яғни мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды.
Сондықтан барша жұртшылықты, студент жастарды төтенше жағдай кезеңінде барлық шаралардың жүзеге асырылуына қолдау танытуын сұраймын.
Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр. Сондай жаңа қадамның алдындағы бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті. Бір тілек, бір мақсатқа ұйыса білсек, барлық мақсатқа қол жеткізетінімізге ешқандай күмән жоқ.
Акмалдин АЖИДИНОВ, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*