Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық бөлімінің басты мақсаты университеттің халықаралық беделін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру сондай-ақ, білім беру кеңістігіне интеграциялау, әлемдік білім беру ресурстарын пайдалана отырып, білім беру және ғылыми қызметінің сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

Білім алушылар мен зерттеуші оқытушылардың (оқу немесе өндірістік практикадан өтуін қоса алғанда) белгілі бір академиялық кезеңге, әдетте бір семестрге немесе оқу жылына, оқу немесе ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде не шетелге) жіберу игерілген білім беру бағдарламалары белгіленген тәртіпте өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта есептелінеді.

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде  академиялық ұтқырлық бағдарламасы екі бағытта жүзеге асырылады:

Сыртқы академиялық ұтқырлық – бұл белгілі бір академиялық кезеңге білім алушылар мен оқытушы-зерттеушілердің шетелде оқу немесе зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ауысуы;

Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі бір академиялық кезеңге оқу немесе зерттеу жүргізу үшін ел ішінде орын ауыстыруы;

ПОҚ үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуына  қажетті құжаттар тізімі:

  1. Кафедра басшысы немесе декан қол қойған өтінім;
  2. Қабылдаушы ЖОО-нан Ректордың атына ресми хат;
  3. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша іс-сапар, тағылымдамадан өту туралы есеп;

Білім алушылар үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Ректордың атына ұсыныс хат;
  • Білім алушының оқу келісімі;
  • Білім алушының арызы;
  • Үш жақты келісім;
  • Паспорт / жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Сурет 3*4 (4 дана);
  • Серіктес ЖОО ректоры атына жазылған  сұраныс хат.
  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қаржыландырылуы:
  • Ұлттық жобалар шеңберіндегі бюджет қаражаты
  • Университет бюджетінен тыс қаражат
  • Қабылдаушы тараптың қаражаты
  • Халықаралық ұйымдардың гранты: Эразмус +, Британдық Кеңес, USOS
  • Академиялық ұтқырлық қатысушыларын жеке қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
  • Академиялық ұтқырлық аясында шетелге оқуға жіберілетін студенттерді іріктеу критерийлері:
  • Жоғары академиялық үлгерім
  • Қабылдаушы оқу орнының тілін немесе ағылшын тілін жетік білу.
  • Қабылдаушы  жоғары оқу орнының оқу бағдарламасымен сәйкестігі
  • Қабылдаушы жоғарғы оқу орнының келісімі.
Share this Page