ХГТУ-ға түсу үшін мектеп бітіргеннен кейін ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру қажет. ҰБТ-ны табысты тапсыруға мектеп курсының ынталы оқуы және білімдегі олқылықтарды жою үшін репетиторлармен қосымша сабақтар көмектеседі.
Егер сіз мектепті биыл бітірмесеңіз, – талапкерлердің кешенді тестілеуін (ТКТ) тапсыру қажет болады.
Бакалавриат
Бакалавр таңдаған мамандығы бойынша қажетті білім алғаннан кейін ЖОО-ның кез келген студенті ала алатын академиялық дәреже болып табылады. Мұндай біліктілік студенттің жоғары білімі бар және таңдалған мамандыққа жақсы бағдарланатынын растайды.
Бакалавр дәрежесін алған соң, Қазақстан Республикасының азаматы жоғары кәсіби білімі болуы қажет белгілі бір лауазымдарды атқаруға құқылы.
11(12) жылдық оқудан кейін бакалаврда оқитын студенттердің оқу кезеңі төрт жылдан аспайды. Колледж немесе техникумда білім алған талапкерлер 3 жылға есептелген қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады. Дипломдық жұмысты орындағаннан кейін студент бакалавр дипломын алады.
№ | мамандықтар |
1 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
2 | Педагогика және психология |
3 | Музыкалық білім |
4 | Дене шынықтыру және спорт |
5 | Математика |
6 | Химия |
7 | Биология |
8 | Тарих |
9 | География |
10 | Қазақ тілі мен әдебиеті |
11 | Шетел тілі: екі шетел тілі |
12 | Кәсіптік оқыту |
13 | Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
14 | Химия-Биология |
15 | Құқықтану |
16 | Дизайн |
17 | Экономика |
18 | Есеп және аудит |
19 | Қаржы |
20 | Информатика |
21 | Экология |
22 | Ақпараттық жүйелер |
23 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
24 | Стандарттау және сертификаттау /салалар бойынша/ |
Магистратура
Магистратура жоғары білімнің жоғарғы сатысы болып табылады. Магистратураға қабылдау үшін жоғары білімі болуы керек, басқаша айтқанда, бакалавр, маман немесе мамандық бойынша магистр дипломы болуы керек.
Магистратура мамандықтары бойынша университет екі бағытта дайындайды: ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау оқыту мерзімі- 2 жыл және профилді бағыт бойынша оқыту мерзімі- 1-1,5 жыл..
Халықаралық Гуманитарлық Техникалық Университеттің магистратурасына жоғары білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады. Магистратураға түсу үшін келесі емтихандарды тапсыру керек:
— шетел тілінен;
— мамандық бойынша.
Оқыту бағдарламасы теориялық, практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындауды қамтиды. Теориялық дайындық мамандық пәндері мен іргелі пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын меңгеруді көздейді. Ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеулер жүргізуді, дипломдық жұмысты дайындау мен қорғауды қамтиды.
№ | мамандықтар |
1 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
2 | Химия |
3 | Биология |
4 | Қазақ тілі мен әдебиеті |
5 | Дизайн |
6 | Экономика |