Mukagali.2018@mail.ru/ October 18, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

«Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында бүгін Оқу ордамызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының – КЕАҚ» өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Универитетіміздің басшылыларымен қатар студенттері де қатысты.
Кездесу мақсаты қазіргі заманауи талаптарға байланысты электорнды құжат алмасу, ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті болдырмау, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмін қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында, ұйым мүшелері студенттер мен қызметкерлерге анықтама, куәлік, рұқсат және т.б құжаттарын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға арналған компьютерлік бағдарламаларды ұялы телефондарға орнату және оларды қалай қолдануы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әрбір қатысушымен бағдарламаларды жүктеу процессін көрсетіп берді.
Шара соңында, қатысушылар ұйым өкілдеріне сұрақтар қойып, жауаптарын сарапқа салды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*