Mukagali.2018@mail.ru/ November 25, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері мен мұғалімдері бүгін 2019 жылы 22 қараша күні Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы ҚММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Шымкент қаласының тарихы мен өркениетті» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып қайтты.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен аталмыш іс-шараға ОҚПУ ректоры Қайырбекова А.М., Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Байтанаев Б.Ә., Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының профессоры Ильясова З.С., Қ.Яассауи тындағы қазақ-түрік университетінің тарих кафедрасының профессоры Нурбет Г., Ә. Бөкейханов атындағы мектеп директоры Алтаев Б., мәдениет танушы, есімтанушы, өлкетанушы Оспанов А.Б сондай-ақ, шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференция шымылдығы ОҚПМУ ректоры Қайырбекова А.М алғы сөзімен ашылды. Ректор келген қонақтарға алғыс білдіріп, барлық қатысушы білім ордаларының өкілдеріне сәттілік тіледі.
Мереке барысында, ОҚПМУ-де «Рухани жаңғыру» бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырылып, мектеп пен ЖОО өкілдері «Мұсылман деректеріндегі Испиджаб және оның айналасындағы мекендер туралы деректер», ХІХ ғасырдағы Шымкент қаласының әлуметтік , экономикалық және мәдени даму тарихы», «Шымкент атауының төркіні», «Тұлғалар тарихындағы Шымкент» атты тақырыптарда баяндама жасады.
Іс-шара соңында кері байланыс орнатылып, қатысушылар келген қонақтарды қызықтырған сұрақтар мен ұсынытарын сарапқа салып, толық қанды жауап берді.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*