Mukagali.2018@mail.ru/ February 21, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Салауатты өмір салтын ұстанатын  Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінің студенттері бүгін, Шымкент қаласының № 8 қысқы спорт түрлерінен ОРМБЖСМ – де әмбебап жекпе-жектен жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылармен кездесті.

Кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсат – жастардың санасына патриоттық рух беріп, спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Кездесуге келген спорт  мектебі директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есембаев Оралхан  және жоғары дәрежелі жаттықтырушы, ҚР спорт шебері  Ахатаев Абзалбек мырза студенттерге мектептегі спорт түрлерінің басқа сопрт түрлерінен артықшылығы, спортта жеткен жетістіктері жайында айта келіп, оқу орынының студенттерін спорт мектебіне жазылуға және әмбебап жекпе-жеп деп аталатын  спорт түрімен айналысуға шақырды. Кездесу барысында университеттің дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері өздерін қызықтырған  сұрақтар қойыып, тараптар арасында өзара диалог жүргізілді. Спорт мектебінің спортшылары да, өз кезегінде өздерінің спортқа келудегі басты мақсаттарымен таныстырып, жас буынға өз ойларымен бөлісті.Шараға  спорт мектебінің  психологы мен университеттің профессор-оқытушылары да қатысты.

Университет баспасөз қызметі

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*