Mukagali.2018@mail.ru/ December 9, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

06.12.2019 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ұйымдастыруымен  Облыстық Әзіл-сықақ  және сатира театрында,  «Шығыстың сөнбес жұлдызы Әбу Насыр ал-Фараби және әлем таныған хәкім Абайдың ғасырлар тоғысы» атты сахналық кеш өтті. Қазақтың майталман тұлғалары Абай мен Әл-Фараби әр ғасырда өмір сүргенімен, екеуінің айтқан ғибратты сөздерінің арасында үлкен байланыс жатыр. Біз бұл ғұламаларды, өздері айтқан ғылыми – танымдық ойлары арқылы танып білеміз. Абай мен Әл-Фарабидің ой-толғамдары халықтың үлкен мұрасы. Біз бұны Ә. X. Марғұланның айтуынша: Абай мен Әл-Фарабидің көздегені адамдардың рухани байлығы, олардың бақытты болуы мен әсемдікке ұмтылуы болып табылады 

Мақсаты: «Ұлы ғұламаларымыз Әл-Фараби мен Абайдың рухани мұрасымен  таныстыру, оларды үндестіру, біздің халқымыздың мың жылдық рухын, мәдени дүниесін тірілту деген сөз. Демек бұл зор мақсатты халықтық іс деп білу керек… Ал, осы екі алып тұлғаны жеке-жеке тануда едәуір істер атқарылғаны рас. Бірақ бұлардың арасын жалғастырып тұрған ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба алмай жүрміз: бірақ оның барын анық сезсек те, оны «көруден» әлі шалғай жатырмыз, сондықтанда осы екі ұлы тұлғаның өмірін, еңбектерін баяндау. Кешіміз Студерттердің дайындаған Мерекелік концерттермен басталды.

Кешіміздің шымылдығын 1-курс студенттері  «Күй шашу»  қазақ биімен ашты.  Одан кейін Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірінен үзінді ретінде студенттеріміз қойылым көрсетті. Кешіміз ары қарай жалғасып Абай Құнанбайұлының әлемге танылған «Сегіз аяқ» атты мағыналы да мәнді өлеңі шырқалды. Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен, олардың еңбектері, көрермендерге таныстырылды.Сонымен қатар Абайтану ғылыми орталығының директоры, ф.ғ.к., профессор Қожахметов Бектай ағайымыз жалпы кештегі қонақтарға Абайдың өмірін таныстырып өтті.  Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абайға арнап өлеңдер мен бейне көрсетілімдер сонымен қатар өмірлерінен үзінді ретінде қойылымдар көрсетілді. Қойылымдардың бірі Абай мен Әйгерімнің махаббатына арналған «Жүрек теңіз, қызықтың бәрі асыл тас» атты керемет қойылым көрсетілді. Сөз соңында Абай мен Әл-Фараби өз ойларын әр түрлі сөзбен жазса да, олардың мағынасы бір-бірімен байланысты. Абайдың қара сөзі мен өлеңдерін оқыған адам өмірін босқа өткізбесі анық. Себебі, олардың әрбір жолдары мен шумақтары парасаттылық пен ақылдылыққа, бір сөзбен айтқанда өмірді лайықты сүруге үйретеді.

Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама.

Абай Құнанбайұлы ұлы ғұлама ғалым, ақын жазушы, еңбектерінде жан, ой, дін, ынсап, ләззат, ақыл, түйсік, ғылым, білім, құмарлық, еңбек, талап, ұят, ар, намыс, махаббат, қайрат, ашу-ыза, қуат тағы басқа көптеген философиялық категорияларды қағаз бетіне түсіріп, философиялық әдіспен терең талдап, түсіндірген адам.

Қорыта айтқанда. Әл – Фарабидің трактаттарында да Абайдың қара сөздерінде де – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігі басым. Бұл екі ғұламаның гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Олар ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*