Mukagali.2018@mail.ru/ September 10, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

Мақсаты:  Қазақ пен Өзбек – түбі бір туысқан халықтар. Елдің екі мәдениеті мен салт-дәстүрі, діні, тілі ұқсас. Қазақ , өзбек студенттерінің жатақханада достық пен қарым-қатынасты  нығайтып қана қоймай,  жаңа деңгейге көтеру;

Есебі: Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде 10.09.2019 ж сағат 17:00 де 200 адамға ас берілді. Іс –шараға  Ректор Ажидинов Акмалдин Сапардинович, проректорлар мен оқытушылар, студенттер қатысты.   Бүгінгі іс-шараның екі елдің арасындағы алтын көпір, бауырлас қазақ-өзбек халықтарының достығы мен бірлігін нығайтуға себеп болатынына сенімім мол. Онда қазақ, өзбек қалқының өнері, ұлттық тағамдары әзірленді. Іс-шараны университетіміздің ректоры Ажидинов Акмалдин Сапардинович жиынды ашып берді. Жаңбырмен жер көгереді, бата менен ел көгерер демекші  «дене шынықтыру»  кафедрасының меңгерушісі Қалмырзаев Қайрат Сатбекович ас алдында бата берді. Сонымен қатар  жатақханадағы өперпаз ұл-қыздарымыз әсем әндерімен, мыңбұралған билерін, өнерін көрсетті.  Жатақханамыз да екі елдің студенттері арасында рухани жағынан байып, мәдениет пен білім, ғылым саладысында күшейе түсуде.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*