Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің

Ғылыми кеңес

ЕРЕЖЕСІ

Мазмұны

Жалпы ережелер

  1. Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымымен қызметі және оны сайлау тәртібі
  2. Ғылыми кеңес хатщысының міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі
  1. Жалпы ережелер

Бұл Ереже ҚР Еңбек кодексі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының типтік квалификациялық сипаттамалары, ЖОО-ның Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі және университет Жарғысы талаптарына сәйкес әзірленген.

1.1  Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің (бұдан әрі – ХГТУ) Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми кеңес)»”Білім туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  44-бабының  9-тармағына сәйкес әзірленген ЖОО-ның Ғылыми кеңес қызметінің ережесі негізінде даярланды.

1.2. ХГТУ-нің Ғылыми кеңесі жоғары оқу орнын алқалық басқарудың бір нысаны болып табылады.

1.3. Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, осы Ережені, сондай-ақ жоғары оқу орнының (бұдан әрі – ЖОО) жарғысын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің қызметі оның құзырына кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың ашықтығына негізделеді.

2.Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы мен

қызметі және оны сайлау тәртібі

2.1  Ғылыми кеңес ХГТУ президентінің бұйрығымен құрылады.

2.2  Ғылыми кеңес құрамына ХГТУ басшылары, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары, профессорлық құрам, университеттің студенттік қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.

2.3 Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады және тақ санды мүшелерден тұрады. Қажетіне қарай жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жеке өзгерістер енгізілуі мүмкін.

2.4 Ғылыми кеңес Төрағасы ХГТУ-тің президенті болып табылады.

Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды.

Төраға болмаған жағдайда, оның міндетін орынбасары атқарады.

Төраға Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, осы Ережеге сәйкес оның жұмысын қамтамасыз етеді.

2.5 Ғылыми кеңестің басқа мүшелері ХГТУ ұжымының жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады.

2.6 Хатшыны Ғылыми кеңес сайлайды және ол Ғылыми кеңестің іс қағазын жүргізуге жауапты болады.

2.7 Ғылыми Кеңес өз жұмысын оқу жылына бекіткен жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.

2.8  Ғылыми кеңестің отырысы оқу жылына жасалған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына  бір рет өтеді.

2.9  Ғылыми кеңестің отырысы егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса заңды күші бар болып табылады. Дәлелді себептер бойынша Ғылыми кеңестің мүшесі отырысқа қатыса алмайтын болса ол туралы алдын ала төрағаға хабарлауы керек.

2.10  Ғылыми кеңестің шешімі егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.

2.11 Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты:

а) кәсіби оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында профессорлық-оқытушылық құрам және ЖОО-ның білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасау;

б) ЖОО-ның қаржы саласын реттеу, материалдық-техникалық базасын нығайту  ЖОО-ның одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.

2.12  Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады:

а) жоғары оқу орындарының құрылымын бекіту;

б) жоғары оқу орнының Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу;

в) жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату (зертханалар, кафедралар, институттар (факультеттер және тағы басқалар);

г) жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау;

д) жоғары оқу орнының оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мәселелерді шешу;

е) ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халықаралық және басқа да қызмет түрлерін жүргізудегі бағыттары, нысандары және әдістері туралы жыл сайынғы есебін тыңдау;

ж) оқу-әдістемелік әзірлемелерді және оқу құралдарын, оқулықтарды шығаруды ұсыну және қарастыру;

з) ақылы негізде оқитын студенттерді білім беру гранттарына және оқытудың экстернат нысанына ауыстыру туралы шешім қабылдау;

и) докторанттардың диссертациялық зерттеулері бойынша және магистранттардың ғылыми жетекші-кеңесшілерін және тақырыптарын бекіту;

к) жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;

л) бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ ЖОО-да ақылы білім беру және өндірілген өнімдерді тарату жолымен алынған реинвестициялық кірістердің бағыттарын анықтау;

м) атаулы степендиялар мен сыйақыларды, ғылыми және құрметті атақтарды тағайындау және бекіту;

н) ЖОО-ның қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;

о) алқалық шешімді талап ететін ЖОО-ның ағымдық қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

п) Ғылыми кеңес шешімі Ғылыми кеңес төрағасының және Ғылыми кеңес хатшысының қолдары қойылатын хаттамалармен рәсімделеді.

3.Ғылыми кеңес хатшысының міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі

3.1 Жалпы ереже

3.2 Ғылыми кеңес хатшысы Университет ғылыми кеңесінің іс жүргізуін ұйымдастырады, оның шешімдерінің орындалуын қадағалайды және университет ғылыми кеңесі құжаттамаларының Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкестігі үшін университет ғылыми кеңесі төрағасының алдында жеке жауапкершілік алады. Университет ғылыми кеңесінің мәжілісін дайындауға қажет техникалық жұмыстарды атқару және іс жүргізу үшін  университет ғылыми кеңесі қызметінің болуы қарастырылады.

3.3  Ғылыми кеңес хатшысы лауазымына жоғары білімі, ғылыми дәрежесі және педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем емес тұлға қабылданады.

3.4 Ғылыми кеңес хатшысы лауазымына ректор бұйрығымен бекітіледі.

3.5 Ғылыми кеңес хатшысы ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативті-құқықтық актілерін, еңбек заңдарын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын білуі тиіс.

3.6  Ғылыми кеңес хатшысы өз қызметінде ҚР қолданыстағы заңнамаларын, жоғары кәсіби білім берудің білімдік бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерін, білім беру және сапа саласындағы мемлекеттік стандарттарды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және әдістемелік құжаттарын, университеттің Ғылыми кеңес шешімдерін, университет басшылығының ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттарын, университет Жарғысын, ХГТУ  құжаттарын, ғылыми ережені және осы қызметтік нұсқауды басшылыққа алады.

  1. Ғылыми кеңес хатшысының міндеттері

4.1 университет ғылыми кеңесінің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді және институт ғылыми кеңесінің жұмыс жоспарын әзірлеуді ұйымдастырады;

4.2 университет ғылыми кеңесінің мәжілістерінде қарастыру үшін құжаттар, материалдар дайындау бойынша жұмыс жүргізеді, талқылауға шығарылатын сұрақтарды дайындау барысын бақылайды;

4.3  университет ғылыми кеңесі мәжілісінің күн тәртібінің жобасын әзірлейді;

4.4  ғылыми кеңес комиссиясының жұмысын үйлестіреді;

4.5 ғылыми кеңес мүшелерінің, сондай-ақ шақырылған тұлғалардың мәжіліске қатысуын қамтамасыз етеді;

4.6  жасырын дауыс беруді өткізу кезінде есептеу комиссиясының мүшелеріне нұсқау береді;

4.7 университеттің ғылыми кеңес мәжілістерінің хаттамаларын жүргізеді, университеттің ғылыми кеңес шешімдерінің көшірмелерін дайындайды және көбейтеді;

4.8 университеттің ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын қадағалайды;

4.9 ғылыми атақ беру бойынша жеке істерді рәсімдеуді қадағалайды, оларды университет- ғылыми кеңесінде қарастыруға дайындайды және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне ұсынады;

4.10 кезекте тұрған мәжілістің күн тәртібі туралы  алдын ала кеңес мүшелеріне хабарлайды;

4.11 еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды;

  1. Ғылыми кеңес хатшысының құқықтары

Ғылыми кеңес хатшысы құқылы:

5.1 өз қызметіне байланысты университет ректорының шешімімен танысуға;

5.2 университет жұмысын жақсарту туралы университет басшысына ұсыныс беруге;

5.3 ғылыми кеңеске қатысты құжаттарды университет басшылары мен бөлім бастықтарынан талап етуге;

5.4 ғылыми кеңес жұмысын жақсарту және мәселелерді шешу мақсатында басқа құрылым мамандарына тапсырма беруге;

  1. Ғылыми кеңес хатшысының жауапкершілігі

6.1   осы Ереженің уақытылы орындалуына;

6.2   өзіне бекітілген лауазым инструкциясына сай жұмыстың орындалу сапасына;

6.3   қаржылық және штаттық тәртіп, университет Жарғысы мен басқа да ішкі нормативтік актілерін сақтауға;

6.4 еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, коммерциялық және қызметтік құпия ережелерін сақтауға жауапты.

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің

Ғылыми кеңес мүшелері

 № Аты-жөні Қызметі
1 Ажидинов Акмалдин Сапардинович Университет Ректоры, техн.ғ.к. , доцент,

Ғылыми кеңес төрағасы

2 Кокенова Айганым Турдыевна Оқу және оқу- әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, э.ғ.к., доцент
3 Сабырова Мадина Елемесовна Ғылым және халықаралық қатынастар  жұмыстары жөніндегі проректор,  э.ғ.к.
4 Хайдаров Нұрлан Шахизиндаевич Тәрбие және әлеуметтік  даму жұмыстары жөніндегі проректор
5 Жунисова Набат Ғалым хатшы
6 Такибаев Мейрам Абдыхалиевич Оқу және әдістемелік бөлімінің басшысы, филос.ғ.к., аға оқытушы
7 Балабекова Дина Буркитбаевна ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің басшысы, э.ғ.к., доцент
8 Бекманова Балқыя Махановна Есеп-қисап бөлімінің басшысы
9 Ибрагимов Нұралы Ырсалыұлы Заңгер
10 Садикова Дина Нурзуллаевна Кадрлармен жұмыс және архив бөлімінің басшысы
11 Хайдаров Садықжан Шахизиндаевич Тіркеу-офисі және білім алушыларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы
12 Ханжаров Нурлан Серикбаевич Сапа менеджменті және аккредитация, мониторинг бөлімінің басшысы
13 Иманқұл Нұржан Бауыржанұлы Компьютерлік технологиялар және тестілеу орталығының басшысы
14 Мұталханов Мұрат Шаруашылық бөлімінің басшысы
15 Тоқсанбаева Дамира Несипбаевна Кітапхана меңгерушісі
16 Таукебаева Римма Байкараеевна Тілдер кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
17 Абишов Мухтар Сайлаубаевич Жаратылыстану- техникалық және спорт факультетінің  деканы, а-ш.ғ.к.
18 Сыдыкова Зухра Ештаевна Экономика  және педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к.
19 Длимбетова Балжан Сериковна Қашықтықтан білім беру факультетінің деканы, п.ғ.к.
20 Жантураева Жадыра Нуртураевна Жастар комитетінің басшысы
21 Қалмырзаев Қайрат Сатбекович Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі
22 Утешева Алия Жалелевна Өнер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент
23 Қарабаева Күльзария Усерхановна Қазақстан тарихы және құқық  кафедрасының меңгерушісі, а-ш.ғ.к., доцент
24 Сыздыков Бейбит Шалдарович Бизнес кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.докторы, профессор
25 Дүйсенов Нурзак Жезтаевич Техника және ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, техн.ғ.к.
26 Бердалиева Ақмарал Макуловна Химия және биология кафедрасының меңгерушісі,  а-ш.ғ.к.
27 Жақыпбеков Біржан Ануарбекович Тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.
28 Мауленбердиева Гульжан Бауыржановна Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.
29 Ахан Дидар   ДШ-116 тобының студенті

ХГТУ-нің Ғылыми кеңесі отырысында қаралып, бекітілді (№1 хаттама  29 тамыз 2019ж.).

Share this Page