Mukagali.2018@mail.ru/ December 9, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

04.12.2019-05.12.2019 күндері ХГТУда «Ғылым мен білімнің даму болашағы жастардың заманауи көзқарасы» атты халықаралық студенттік конференциясы өтті. «Математика және IT технологиялар» секциясы бойынша «Техника және ақпараттандыру» кафедрасынан  50 баяндама тыңдалды. Ғылыми мақалаларды конференцияғадаярлауда 70-ке жуық студент қамтылған. Оларға Техника және ақпараттандыру кафедрасының барлық оқытушылық құрамы жетекшілік жасады. Баяндамалардың барлығы техникалық және физика-математикалық ғылымдардың қолданбалы мәселелері бойынша өзекті мәселелер қаралған.

        Конференция барысында «Математика және IT технологиялар» секциясы бойынша пленарлық баяндамаға ЕТ-17 Тобының 3 курс студенті Мақсұт Данагүл қатысты. Баяндама тақырыбы «Қазіргі заманғы CASE-ерекшеліктері» Ғылыми жетекшісі: Дүйсенов Н.Ж.  Стендтік баяндамаға АЖ-18 тобының студенті Ұласбек Нона қатысты . Баяндама тақырыбы «Компьютерлік желілер. Жергілікті желі арқылы USB кабель орнату». Ғылыми жетекшісі: Жақсылықов Е.К. 

       Конференция кезекті бағдарламасы 4.12.19 күні сағат 14-00 де 313 аудиторяда  «Математика және IT технологиялар» секциясы бойынша жалғасын тапты. Онда студенттер өздерінің дайындаған баяндамаларын қорғады. Студенттер және оқытушылар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасып, ортаға салып талқылады.

         5.12.19 куні сағат 15-00 де университет ректоры, ғылым бөлімі проректоры, университет оқытушылары және студенттердің қатысуымен конференция жыбылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатында әр секция модераторлары конференция бойынша есептерін тапсырды. Баяндаманы жақы қорғап жазғаны ушін студенттер және ғылыми жетекшілері марапатталды

         Тыңдалған баяндамалар бойынша мынадай орындар берілді:

1-орын: ЕТ-17 тобының студенті Мақсұт Данагүл. Баяндама тақырыбы «Қазіргі заманғы CASE-ерекшеліктері». Ғылыми жетекшісі: Дүйсенов Н.Ж

2-орын: АЖ-19 тобының студенті Мауленова Диана. Баяндама тақырыбы «Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу». Ғылыми жетекшісі: Балгимбекова У.Б.

2-орын: ИФ-17 тобының студенті Андабаева Арайлым. Баяндама тақырыбы «HTML тілінде резюмелер сайтын құру». Ғылыми жетекшісі: Абишова Г.Б.

3-орын: АЖ-18 тобының студенті Ұласбек Нона. Баяндама тақырыбы «Компьютерлік желілер. Жергілікті желі арқылы USB кабель орнату». Ғылыми жетекшісі: Жақсылықов Е.К. 

3-орын: МТ-17 тобының студенті Жақып Мейіргүл. Баяндама тақырыбы «Рухани адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу». Ғылыми жетекшісі: Абдрахманов Ж.Н.

3-орын: ЕТ-16 тобының студенті Нұрлан Нұрай. Баяндама тақырыбы «Веб бағдарламалаудың негіздері». Ғылыми жетекшісі: Шынжігіт Б.Б.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*