Mukagali.2018@mail.ru/ December 5, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

Еліміздің тұңғыш президенті, елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2019 жылы – Жастар жылы деп жариялауы аясында , 2019 жылдың 4 желтоқсан күні Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Ғылым мен білімнің даму болашағы : жастардың заманауи көзқарасы» атты ІV – томдық халықаралық және отандық жас зерттеушілердің жинақ- кітапбының ашылу салтанаты өтті.
Аталмыш халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры Ажидинов А.С., сондай-ақ модераторлар Ғылым және халықаралық байланыс жұмыстары жөніндегі проректоры Сабырова М.Е., «Риторика» пікір сайыс клубының төрайымы Төлемисова Ұ.У және де университет мұғалімдері мен студенттері қатысты.
Іс-шара шымылдығы университет ректоры Ажидинов А.С алғы сөзімен ашылды. Ректор барлық қатысушы жас зерттеушілер мен олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс білдіріп, биік жетістіктерден көрінулеріне ниеттес екенін білдіріді.
«Пленарлық мәжіліс» – іс-шараның алғышқы бөлімінде студенттердің «Ұлт көшбасшысы Елбасы Н.Ә Назарбаев», «Кененсары Қасымұлы: тарих, тұлға, дәуір», «Кәсіптік білім беру жүйесіндегі заманауи оқыту құралдары», «Ойынның бала тәрбиесіндегі маңызы», «Қазіргі заманғы CASE құралдарының ерекшеліктері», «Paradigmality senses of modern education», «Гидролиз реакцияларын оқыту әдістемесі» , «Проблемы и перспективы развития туризма в Туркестанской области» атты баяндамалары тыңдалды. «Оқығанды айтпа, тоқығанды айт» деп қазақ халқы айтқандай, жас зерттеушілер өз еңбектерінің нәтижелерін көпшілік алдында баяндап, сарапқа салды.
Ал, «Стендтік баяндамалар» деп аталатын екінші бөлімде «Қазақтың ұлттық ойындары. Ат спорты», «Алаш Орда-рухани жаңғыру», «Дизайнның жобалау әдістерін Қазақстан баспасөзінде қолдану», «Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері», «Компьютерлік желілер», «Innovation as a factor development of modern education», « Гидропроникада құлпынай өсімдігін өсіру», « Малый и средний бизнес в Туркестанской области: проблемы и перспективы развития» атты үш тілде баяндамалар жасалынып, дәлелдеуші көрнекіліктер арқылы көрермен назарына ұсынылды.
Ары қарай студенттер «Математика және IT технологиясы», «Педагогика және Психология», «Тарих және Құқықтану», «Жаратылыстану Ғылымдары», «Филология», «Филология», «Өнер және Дизайн», «Дене шынықтыру және спорт», «Экономика және бизнес» секцияларға бөлініп, зерттеу жұмыс тарын өз ұстаздары мен кафедра меңгерушілер алдында 4-томдық кітапқа енген мақалаларының мақсаты, болашаққа жоспары және кедергілермен күресу жолдарын айқындап, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*