Халықаралық гуманитарлы – техникалық университетінің қабылдау комиссиясының мақсаты – студенттер контингентін қалыптастыру және ұйымдастыру.

Қабылдау комиссиясының негізгі міндеті – кәсіби бағдар жұмысында жастарды саналы түрде бәсекелестікке бейім мамандықтарды таңдай білуге үйрету және педагог мамандықтарға жастардың қызығушылығын алдын-ала қалыптастыру.

Қабылдау комиссиясы келесі қызметтерді атқарады:

Қабылдау комиссиясы жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын дайындау және бекіту;

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жоспарлау және жүргізуді ұйымдастыру;

ҚР БжҒМ «Жоғарғы оқу орнына қабылдау типтік ережесіне» сәйкес ХГТУ-нің  қабылдау ережесін дайындау;

ҚР БжҒМ «Жоғарғы оқу орнына қабылдау типтік ережесімен» университеттің құрылымдық бөлімдерін, факультет, кафедралар арасында семинар ұйымдастыру;

Түркістан облысы аудандары және Шымкент қаласының  мектептерінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында аудандар бойынша жауапты факультеттерді,  кафедраларды және құрылымдық бөлімдерді бекіту;

Университет және университет мамандықтары бойынша   аудандық, қалалық газеттерге мақалалар жариялау;

Телеарналарға университеттің мамандықтары бойынша видео-роликтер дайындап шығару;

университеттің «Ашық есік күнін» жоспарлау және бағдарлама жасау, факультет, кафедра және құрылымдық бөлімдерді жұмылдыру және ұйымдастыру;

ҰБТ пәндерінен консультация өткізу;

Талапкерлерден құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру;

Кешенді тест пәндерінен консультация өткізу;

Шығармашылық емтиханның ережелерін дайындау және ұйымдастыру;

Шығармашылық емтихан сабақтарынан консультация ұйымдастыру;

Шығармашылық емтихан қабылдауын ұйымдастыру;

Кешендік тест тапсыру үшін талапкерлердің құжаттарын қабылдау, ұйымдастыру және мемлекеттік грант иегері болу үшін конкурсқа қатысу, студенттер құрамына қабылдау;

Кешенді тест емтиханын сапалы жүргізілуін қадағалау және ұйымдастыру;

Кешенді тест кезінде апелляциялық комиссия құрамын бекіту және жұмысын ұйымдастыру;

Талапкерлерді қабылдауға қажетті құжаттарын (өтініш, жеке іс парағы, қолхат, білімгердің жеке ісі, хаттама, келісім шарт) дайындау және көбейту;

Кәсіби бағдар жұмысына қажетті құжаттарды (плакат, буклет, флайер) жеткілікті көлемде дайындау және көбейту;

Университеттің 1 және 6 оқу ғимараттарының алдында орналасқан қабылдау комиссиясының стендтерін анықтамалық-жарнамалық материалдармен толықтыру;

Талапкерлердің құжаттарын кешенді тестілеуге немесе мемлекеттік білім грантының иегерін бөлу конкурсына қабылдауды ұйымдастыру;

Студенттер қатарына қабылданған талапкерге бұйрық шығару және құжаттарын студенттік бөлімге жіберу.

Қабылдау комиссиясы жұмыстары туралы жылдық есеп дайындау және университеттің Ғылыми кеңесінде есеп беру.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ

МАМРАИМОВ МАРАТ АРҒЫНБАЙҰЛЫ

 

Қымбатты талапкерлер!

1 курс бакалавриатқа түсетін талапкерлердің Call-орталығы.

Оқуға түсу жөнінде сұрақтарды біздің кеңес беру орталығына хабарласыңыз: 8 (7252)  36 – 92 – 75, 8 707 244 00 44. Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көш.80, Қабылдау комиссиясы.

Share this Page