Құрметті әріптестер!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2018 жылғы 6 қарашада «Қазақстанның сот реформасы: жағдайы, мәселелері, болашағы» атты заң ғылымдарының докторы, профессор М.Т. Таймерденовтың 60-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты – конференцияның мақсаты қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында сот реформасының теориялық және практикалық мәселелерін, медиацияның өзекті мәселелерін және шетелдік тәжірибенің нәтижелерін, сондай-ақ гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар мен экономиканы дамытудың өзекті мәселелерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында талқылау.

  1. КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ:
  2. Сот жүйесіндегі азаматтық процестің теориялық және тәжірибелік мәселелері;
  3. Медиация институтын қалыптастыру және дамыту: теория және тәжірибе мәселелері;
  4. Сот жүйесінің рухани-адамгершілік жаңаруының теориялық негіздері;
  5. Қылмыстық іс-жүргізу өндірісіндегі сот жүйесін реформалаудың өзекті мәселелері;
  6. Мамандандырылған соттарда әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктері.
  7. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуының сот жүйесін реформалаудағы рөлі;

Конференцияның жалпы тақырыбы бойынша шешілетін мәселелер тізімі кеңейтілуі мүмкін.

  1. КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ ТІЛДЕРІ: қазақ, орыс, ағылшын.
  2. ЖҰМЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ТҮРІ: Конференцияның регламенті пленарлық және секциялық отырыстан тұрады. Конференцияның пленарлық және секциялық мәжілістерінің баяндамалары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында өтеді.

Пленарлық мәжілісте және конференция секцияларында шетелдік және отандық ғалымдар, магистранттар мен докторанттар, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Конференция барысында келесі мәселелер талқыланады: сот реформасының негізгі кезеңдері, нәтижелері мен келешегі, медиацияның екі соты, қазіргі жағдайы мен Алматы облысында медиация қызметін ұйымдастырудың негізгі бағыттары, медиаторлардың қатысуымен құқық қолдану практикасы мәселелері, Алматы облыстық соттарында сот процестерінің ерекшеліктері, сот қоғамдастығының міндеттері мен негізгі қызметі.

Конференцияның егжей-тегжейлі бағдарламасы ЖМУ сайтында орналастырылады. И. Жансүгіров: www.zhgu.edu.kz, 2018 жылдың 6 қазанынан кейін конференцияға қатысушыларға жіберілді.

  1. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР konferencia_law@mail.ru электронды поштасы арқылы тіркелген файлмен жіберіледі:

– конференцияға қатысуға сұраныс (қосымша 1): ТАӘ-сұраныс.doc;

– баяндама мәтіні (қосымша 2): ТАӘ-сұраныс.doc.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарланып отыр.

Конференцияға қатысуға өтініш пен веб-сайтқа жіберілетін мақалалар және конференция материалдарын жинау үшін 2018 жылдың 25 қазанына дейін konferencia_lau@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі керек.

Басып шығару шығындары – тегін.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 226 каб., құқық және экономика факультеті, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы.

Телефон: (8-7282) 22-16-67 (ішкі:1152) E-mail: konferencia_law@mail.ru

Қосымша 1

Тіркелу үлгісі

Т.А.Ә.                                                 ___________________________________________

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі           ____________________________________________

Жұмыс орны:                                            ____________________________________________

Мекенжайы:                                              ____________________________________________

Телефоны, факс,                                       ____________________________________________

E-maіl:                                                        ____________________________________________

Баяндама тақырыбы                                 ____________________________________________

Секциясы:                                                  ____________________________________________

секциялық баяндама                                 ____________________________________________

стендтік баяндама                                     ____________________________________________

Автордың конференцияға келу

мүмкіндігі                                                  ____________________________________________

Қонақ үйдің қажеттілігі (иә/жоқ)            ____________________________________________

Қосымша 2

Материалдарды рәсімдеу ережесі:

Баяндама мәтіні (5-7 бет) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен  жағынан – 2,0 см, оң және сол жағы 2,0см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25см) жазылуы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу) индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында баяндаманың тақырыбы бас әріппен майлы бояумен жазылады. Бір жолдан кейін автордың аты-жөні толығымен жазылады. Келесі жолда – ұйым, қала  атауы, автордың электронды поштасы курсивпен жазылады. Келесі жолда мақала қатысты қазақ, орыс және ағылышын тілінде кем дегенде 100 сөзден тұратын түйіндеме тұру керек. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады.

Сілтемелер (әдебиеттерге) мақала ішінде тік жақшалармен цитатадан кейін жазылады.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық маңызы болуы тиіс. Баяндамалар жоғарыда көрсетілген электрондық поштаға жөнелтілуі тиіс. Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Баяндаманы  рәсімдеу үлгісі

ӘОЖ  347.9

ҚР СОТ РЕФОРМАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Кудря А.В., д-р техн. наук, проф., Соколовская Э.А., канд. техн. наук, доц.,

Нго Нгок Ха1, Кайкибаева А.С.

НИТУ «МИСиС»1, Москва; ЖГУ им. И.Жансугурова, Талдыкорган

E-mail: tan-ts_ainur@mail.ru

Аннотация

Сопоставлена неоднородность разномасштабных структур в крупных поковках из улучшаемой CrNiMo стали. Оценено ее влияние на свойства металла…. Текст текст текст текст текст текст текст текст текст текст.

Ключевые слова: крупные поковки, измерение разномасштабных структур, неоднородность свойств, компьютеризированные процедуры.

Аңдатпа

Cr–Ni–Mo жақсартылған болаттан жасалған ірі құймаларда әртүрлі масштабты құрылымдардың біртексіздігі салыстырылды. Оның металл қасиеттеріне әсері бағаланды. Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін. 

Кілт сөздер: ірі құймалар, әртүрлі масштабты құрылымдарды өлшеу, қасиеттердің біртексіздігі, компьютерленген процедуралар.

Annotation

The heterogeneity of multiscale structures in heavy forgings of improved Cr-Ni-Mo steel is compared, its influence on the properties of steel…. Text text text text text text text text text text text text text text text text text text text text text text text. 

Key words: heavy forgings, measurement of multiscale structures, heterogeneity of properties, computerized procedures.

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1].

Share this Page