Жалпы мәлімет

«Қазақстан тарихы және құқықтану» кафедрасы университет алғаш ашылған кезеңнен бастап, жұмыс жасап келе жатқан кафедра. Кафедра 6В01601-Тарих, 6В01504-География,6В04201-Құқықтану мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

Алғашқыда кафедра «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының құрамында болып жұмыс атқарып, 2005-2006 оқу жылында «Тарих, география және биохимия» кафедрасы, ал 2007-2008 оқу жылынан бастап «Тарих және география» кафедрасы болып аталды. Кафедраны ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент,  өз саласында біршама еңбектері бар ғалым,  К.Ө.Қарабаева  басқарып келеді.

2019-2020 оқу жылында кафедра «Қазақстан тарихы және құқықтану» болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып а/ш.ғ.к., доцент К.Ө.Қарабаева  тағайындалды.

Мамандарды дайындау қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі таңда кафедрада 50 шақты профессор-оқытушы құрамы жұмыс істейді, олардың қатарында: ғылым кандидаттары, доценттер, аға оқытушылар,ғылым магистрлері жұмыс жасайды.

6В01601 Тарих 6В01601-«Тарих»  мамандығы  бойынша  оқу  бітірген түлекке «білім бакалавры»  академиялық  дәрежесі  беріледі Мамандық  тарихшының кәсіби  қызмет  нышаны жалпы  білім  беретін және  арнаулы мектептер, лицейлер,  гимназиялар, колледждер,  оқу  құралдарын  шығаратын  баспалар, білім  департаменттері,  тарих  пәні  мұғалімдерінің  білімін  жетілдіру  институттары, бастауыш  және  орта  кәсіптік білім  беретін  мекемелерінде  жұмыс  жасау  мүмкіндіктеріне  ие  болады.
6В04201 Құқықтану 6В04201-Құқықтану мамандығы  бойынша  оқу  бітірген түлекке «білім бакалавры»  академиялық  дәрежесі  беріледі §  Құқықтану мамандығын тәмәмдаған түлектер Сот органдарында,

§  Әділет басқармасында,

§  Прокуратурада,

§  Ішкі істер басқармасында,

§  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында,

§  Кеден комитетінде,

§  Адвокатурада,

§  Халыққа қызмет көрсету орталығында,

§  Нотариуста,

§  Жер комитетінде, яғни барлық мемлекеттік органдарда және кез келген жеке ұйымдарда жұмыс істей алады.

6В01504 География 6В01504-«География»  мамандығының  түлегіне  география  бакалавр академиялық дәрежесі  беріледі. Түлектің  кәсіби  қызмет  объектісі еліміздің  білім – тәрбие  беру орындары, мектептер, лицейлер, колледждер   және  мектептен  тыс  оқыту – тәрбиелеу орындары және зертханалар, мемлекеттік  басқару  мекемелері,  гидрометерологиялық  және  туристік  станциялар мен   орталықтарда қызмет  атқара  алады

3ертхана қоры

«Қазақстан тарихы және құқықтану» кафедрасында арнайы жасақталған жұмыс кабинеттері мен мұражайымыз жұмыс жасайды. 403 оқу кабинеті география мамандығында оқитын студенттерге арналып жасақталған.

Кафедра қарамағында Құқықтану мамандығына қарасты заманауи 8 оқу аудиториясы, оның ішінде жаңа құрал жабдықтармен қамтылған компьютерлік класстар, 2- Сот залы, 1 креминалистикалық лабораториясы бар. Криминалистика техника тарауы бойынша зертханада арнайы витринада мынадай бөлімдерден тұратын талдама жасалған заттар мен құралдар бар:

1.Фотокесте
2.Қол саусақ іздері алынған дактокарталар
3.Аяқ киім іздері алынған гипстен із көшірмесі
4.Көлік құралының ізінің гипстен көшірмесі
5.Әртүрлі құлыптар, аспаптар (бұзу құралы іздерін анықтау үшін)
6.Криминалистикалық суық қарулар: (пышақтар, кездек, кортик т.б)
7.Атыс қаруы: (макеттері тапанша револьер т.б түрлері)
8.Оқ дәрілер:(атылған оқтар, гильзалар, патронда, қауыздар)
9.Тазды қарулар (әртүрлі маркалы тапаншалар маркеті)
10.Криминалистикалық жалған және жасанды құжаттар: (фотоальбом суреттері)
11.Криминалистикалық габитоскопия (фотоальбом суреттері, видеофильмдер)
12. Криминалистикалық тіркеу (картачкалар Ф.1.0, Ф1.1)

ОҚО сотының судьяларымен университет қабырғасында мастер класстар мен көшпелі сот процестері жүргізіледі.

Кафедра ОПҚ құрамы кәсібилікті дамыту, оқытушыларға білім алушылардың жаңа рөлі мен құқықтары туралы, студенттік орталандырумен оқыту принциптерімен хабардар ету үшін, үздіксіз біліктілігін арттырудан өтіп отырады, принциптері туралы студенттерге өздерінің жаңа рөлдері мен құқықтарын оқыту, студенттік орталандыру технологияларымен оқыту, ақпараттандыру мақсатында ақпарат беріп отырады.
Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру профилінде инновациялық технологияларды, инновациялық нысандары мен оқыту әдістерін оқиды. Барлық оқытушылар жыл сайын ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін жетілдіру бойынша семинарлар мен практикалық тренингтерге қатысады.
Кафедрада факультеттің білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сай келеді.
«Қазақстан тарихы және Құқықтану» кафедрасының кадрлық саясаты қызметкерлердің ғылыми әлеуетін жүйелі түрде арттыруға бағытталған. Педагогикалық, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарады және және өз бетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 5-6.jpg

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 3-9.jpg

Кафедра меңгерушісі
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1-15-768x1024.jpg

Қарабаева Кульзария Усерхановна

Кафедра меңгерушісі ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедрада   білікті мамандар білімді ғалымдар жұмыс жасайды. Олар а.ш.ғ.к.,доц. Карабаева К.У., з.ғ.д,профессор, аға оқытушы Шойбеков К, т.ғ.к,доц.,аға оқытушы Байкабулов Х, з.ғ.д. аға оқытушы Мицкая Е.,з.ғ.к,аға оқытушы Тултабаев З.,з.ғ.к,аға оқытушы Цой В,т.ғ.к,аға оқытушы Нурланбекова Р,ф.ғ.к,аға оқытушы Такибаев М,з.ғ.к,аға оқытушы Сартбаева У, аға оқытушы Төлеген Ұ.Ш сынды білімін жан-жақты шындаған тәжірибесі мол ұстаздардан құралған.Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1-16.jpg

Халықаралық ынтымақтастық

2019 жылы кезеңде «Қазақстан тарихы және құқықтану» кафедрасында ҒЖЗ бойынша халықаралық келісім – шарттар түзілу кезеңінде. Атап айтатын болсақ – Қырғыз Республикасының Қырғыз-өзбек университетімен келісім-шарт жасау бойынша байланыстар жасалуда. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының Кибернетика саласы бойынша ғылыми зерттеу орталығымен келіссөздер жүргізіліп, байланыс орнатылуда.

Академиялық ұтқырлық

ОПҚ және студенттердің  академиялық ұтқырлығы

2019 жылы «Қазақстан тарихы және құқықтану» кафедрасында ОПҚ және студенттердің басқа ЖОО- мен тәжірибе алмасуы

Студенттердің ішкі академиялық ұтқырлық бойынша мәліметтер

(оқу және практикадан өту)

ХГТУға келген студенттер туралы мәліметтер
1. Балтабаева Азиза Бақыткизи 6В01610 Тарих мамандығы 2 курс ,

ТХ 218 студенті

29.08.2019ж-30.12.19ж Халықтар Достығы Университеті
2. Қадырбай Аяжан Нұржанқызы 6В01610 Тарих мамандығы 2 курс ,

ТХ 218 студенті

29.08.2019ж-30.12.19ж Халықтар Достығы Университеті

Кәсіптік бағдар

Біздің жетістіктеріміз

Кафедраның оқытушылары әр түрлі ғылыми конференцияларғы үлкен дайындықпен қатысып, сертификаттармен алғыс хаттар алып келуде. Атап көрсетер болсақ мыналар:

Біздің түлектеріміз

Тәжірибе мен жұмыспен қамтамасыз ету

Іс-тәжірибе базалары

Білім алушылардың тәжірибеде кәсіптік қызметтің барлық түрлерін кешенді игеруге, жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, сонымен қатар, мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын игеруге бағытталған.
Практика жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады және әр түрлі салалардағы кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, ғылыми орталықтарда және т.б. өткізіледі. Кафедрада тарих және география мамандықтары бойынша іс-тәжірибеден өту үшін базалармен келімім шартқа тұрылған. Олар:

  1. Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылық институты
  2. Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта мектебі
  3. Ш.Уалиханов атындағы №18 жалпы орта мектебі
  4. С.Ерубаев атындағы №24 жалпы орта мектебі

Ал құқықтану мамандығы бойынша,ХГТУ мен Оңтүстік Қазақстан Облыстық сотымен жасалған меморандумына сәйкес, студенттер университетте алған теорялық біліміндерін соттарда дуалдық оқыту жүйесі негізінде іс- тәжірибеде шыңдайды.

Share this Page