Mukagali.2018@mail.ru/ November 12, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

Бүгінде кез-келген оқу орны үшін сыртқы байланысты орнату маңызды болып саналады. Өйткені, білікті маман даярлауда шетелдің тәжірибесі қашанда кәдеге жарайды. Шымкенттегі Халықаралық гуманитарлық-техникалық Университеті «Бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламасы» аясында Польшалық «AGH» ғылыми-техникалық Университетімен келісім шартқа қол қойды.

 Екі дипломдық білім беру бағдарламасы студенттердің оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, шетелдік жастармен тәжірибе алмасып, олармен  ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірге дамытуға негіз болмақ. Осы мақсатта . Халықаралық Гуманитарлық-техникалық Университеті Польшаның «AGH» ғылыми – техникалық университетімен мемарандумға кол қойды.  

Сломка Тадеуш – «AGH»-ғылыми-техникалық Университетінің ректоры  (аударма: Қазақстан бізге ұнайды. Қонақжай мемлекет. Бірлесіп жұмыс жасап жатқанымызға да көп жылдар болды. Меморандум шеңберіндегі келісімдерге сәйкес білікті мамандар дайындау, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу, академиялық мобильдік және басқа да бағдарлмаларды бірлесе жүзеге асыруға екіжақты жұмыс жасаймыз.)

Іс-шараның ашылу салтанатына Польша делегациясымен қатар Ресейдің Ұлттық зерттеу технололгиялық Университетінен және Қос дипломды білім беру «Силк уэй» Халықаралық университетінің тәжірибелі мамандары қатысты. Польша университеттерінің үздік үштігіне кіретін ғылыми – техникалық университеті өзінің бай тарихымен және заманауи үлгіде жабдықталған материалдық техникалық базасымен ерекшеленеді. Сол себепті де, бүгінгі таңдау осы білім ордасына түсті дейді, – университет ректоры.

Спикер: Ақмалдин Ажидинов – Халықаралық гуманитарлық-техникалық Университетінің ректоры (Аударма: Қазіргі таңда Республика бойынша көптеген білім ордалары аталмыш бағдарлама бойынша жұмыс істеуді бастап кетті. Алғаш қос дипломды алған студенттер де бар. Біздің Университеттен бірінші топ келесі оқу жылында аттанады. Қазір олар дайындық үстінде. Басты қойылатын талап үш тілді жетік меңгеру және өз мамандығы бойынша емтихан тапсырып, тиісті балға қол жеткізу.)

Халықаралық Гуманитарлық-техникалық Университеті қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі болып саналады. Бүгінгі таңда онда 5000-ға жуық студент дәріс алады. Шетелдік серіктестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу арқылы, қос дипломды білім алу мүмкіндігін өз студенттеріне ұсынуда.

 Нұрлан Хайдаров – Халықаралық гуманитарлық-техникалық Университетінің тәрбие және әлеуметтік дамыту жұмыстары жөніндегі проректоры

 Меморандумның негізінде екі Университет арасында жеке оқу жоспары әзірленеді. Студенттер шетелдік жоғарғы оқу орнында 4-курс бакалавриат немесе 2 курс магистратурада білім алуға мүмкіндік алады.

https://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/kazak-zhastarynyn-shetelde-okuyna-mumkindik-mol#

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*