ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өтетін «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ КЕҢІСТІКТЕГІ ӨНЕР МЕН БІЛІМ»  атты дәстүрлі ОПҚ-ның халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2018 жылдың  7  қарашасында өтеді.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  • Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы
  • Білім беру мен қолданбалы зерттеулердегі жаңа ақпараттық – математикалық және жаратылыстану ғылыми технологиялары.
  • Филология және тілдірдерді оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері
  • Өнер, мәдениет және спорт ғылымдары

Конференцияға қатысу үшін  өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары

(1данадан) және ұйымдастыру жарнасы (3000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі (банк деректемелері төменде көрсетілген) электрондық поштамен (төлегендігі туралы түбіртектің сканерленген фотосы мақала жазылған файлдың соңғы бетінде орналасуы тиіс)  немесе төмендегі мекенжайда  2018 жылдың 25 қазанға дейін  қабылданады.  Баяндама қазақ, орыс, ағылшын тілінде қабылданады, авторлардың саны 3 адамнан және мақала мәтіні 5 беттен аспауы тиіс. Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы шығарылады.Іссапар шығыны қатысушылар есебінен қарастырылады.

Материалдарды жолдайтын мекенжай: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13-үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, бас ғимарат, №110 аудитория. Е-mail: okmpi_nauka@mail.ruibrcanat@mail.ru.

Конференцияны ұйымдастыруға жауапты:

Ибрагимова Жанат Абуталипқызы-8701 338-14-33; 8700 135-72-70, Алдангорова Айман Даулетбайқызы – 8702 589-81-28.

Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

  • Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14, жаңа жол бойынша шегініс-1,0)
  • Жоларалық қашықтық – 1;
  • Өріс: сол жағы – 25 мм, қалған жақтары – 20 мм.
  • Бет нөмірі көрсетілмейді;
  • Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйінжәне summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін  резюме  және  summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін  және  резюме келтіріледі;
  • Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған бір дана (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі және электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесімен бірге дискте немесе электрондық поштамен ұсынылады (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі).
  • Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі.

Баяндаманы дайындау үлгісі:

ӘОЖ (12 пт.)ФИЗИКА ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ  (14 пт.)Оразов Б.Д. п.ғ.к. (12 пт.)Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан (12 пт.)Резюме (12 пт.)Summary (12 пт.)Баяндаманың негізгі мәтіні (14 пт.)————————————————————————————————————————————————Әдебиеттер (12 пт.)1.2.

Өтініш үлгісі:

Өтініш
1Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)
2Жұмыс орны
3Қызметі, лауазымы
4Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
5Баяндаманың тақырыбы
6Секцияның атауы
7Керекті техникалық құралдар
8Мемлекет, қала
9Оқу орны, кафедра аты
10Мекенжайы (индексі көрсетілуі міндетті)
11e-mail
12Байланыс телефоны, факс (халықаралық байланыс кодымен)
13Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)

Барлық басылым авторлық нұсқада беріледі. Қолжазба қайтарылмайды. Редакция алқасы талапқа сай келмейтін мақалаларды баспадан шығармайтынын ескертеміз.

Конференция жұмысына қатысу төлемі үшін реквизиттер:

АО «Народный Банк Казахстана»

БИК- HSBKKZKX

БИН-110740004 288

КБЕ-16

ИИН- KZ 756 017 291 000 000 275

Аудару кезінде «конференция үшін» белгісін қойып, тегі және өз аты мен әкесінің атының бірінші әріптерін жазу қажет.

  Ұйымдастыру комитеті

Share this Page