Mukagali.2018@mail.ru/ December 5, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

1-желтоқсан тұңғыш президент күніне орай Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы, еріктілер «Қамқор» ұйымы және Жас Отан ұйымдары  29.11.2019 ж қарттар үйіне, қарттарға арнап «Қарттарым Асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізді.

Кештің  мақсаты – Бүгінде мемлекетімізде зейнеткер  қарттарға үлкен көңіл аударылып, қамқорлық жасалып келеді. Мұндай мерекелік шараның берері, ел мүддесін бәрінен биік қоятын қарттардың орны қашанда төр екендігін кейінгі ұрпаққа ұғындыру. Бұл жан дүниенің жомарттығы мен азаматтықтың кемел шағына деген құрмет.

Мұнан өзге, ән мен биден шашу шашылып, көңілдерін бір серпілтті

Ақжарма тілектерін арнаған көпшілікке қазыналы қарттарымыз ақ батасын берді.. Ал, Студенттер өздерінің арнайы дайындаған сый-сяпаттарын табыстап, ардагерлерге қашанда құрмет жоғары екендігін атап өтті.

Сөз соңында, Дана қазақ халқы ежелден қарияларды ерекше сыйлаған. Қарияларға қамқор болу – барлық қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз, өйткенi жасы ұлғайған адамдар— мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттылықтың, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*