Mukagali.2018@mail.ru/ September 1, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Баршаларыңызды жаңа оқу жылынын басталуымен құттықтаймын. Құрметті бірінші курс студенттері, Сіздердің өмірлеріңіздегі ерекше бір оқиға – жоғарғы оқу орнының студенті атануымен шын жүректен құттықтаймын. Алда сіздерді жарқын студенттік шақтар күтіп тұр.

Бүткіл әлемді алаңдатып отырған COVID-19 қазақстандықтардың өмір салтын біршама өзгертті. Студенттер 2020 жаңа оқу жылын  онлайн-оқуға көшті. Сіздер үшін  биылғы жыл электронды кітапхана, арнайы платформадағы онлайн сабақтар, қашықтықтан әңгімелесу секілді жаңа  әрі қызықты оқу түрі күтіп тұр. Жастарымыздың денсаулығын алдыңғы қатарға қоя отырып, Коронавируспен күресті жалғастыра бермекпіз. Сідердің әрқасыңыз да біз үшін қымбат,әрі ардақты жансыз.

Сіздер үшін Университет  өзінің әлеуетін,  ғылыми және білім беру саласында қарқынды түрде дамуын  жалғастыруда. Білім алушылар, оның ішінде студенттер, магистранттар жаңа оқу жылын бастады. Баршаңызға мықты денсаулық, жаңа бастамалар, тек қана сәттілік тілеймін. Кәсіби және жеке өмірлеріңізде жеңістер мол болсын.

Өздеріңізге деген құрметпен,

Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінің ректоры, т.ғ.к., профессор Ажидинов Акмалдин Сапардиинович

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*