Mukagali.2018@mail.ru/ April 28, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Web of Science халықаралық базасына енетін ҚР ҰҒА,  әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабарлары 2020 жылғы физика – математика сериясының №2 (330) наурыз – сәуір нөмірінде университетіміздің доценті техника ғылымдарының кандидаты  М.И.Ақылбаевтың біріккен авторлармен бірге  “Оn completeness of root vectors of the caushy problem of the first order equation with deviating argument” атты тақырыпта мақаласы жарияланды.

Бұл еңбекте М.В.Келдыштың әдісімен аргументі ауытқыған коэффициенті айнымалы бірінші ретті дифференциялдық теңдеудің Коши есебінің түпкі векторлар системасының толымдылығы көрсетілген. Алынған нәтижелер теориялық физика мен деректерді тарату теориясында әсіресе оптикалық таралым жүйелерінде қолданыс табады деп күтуге болады.

Сонымен қатар, “ZIAT” Ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  “Ғылым әлемінде” атты қашықтықтан өткізілген Республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеу жұмыстары сайысында университетіміздің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Р.Н.Жаналиеваның жетекшілігімен оқу орнымыздың білім алушылары Ш.Ш.Балтабаева мен А.У.Тажибек қатысып, жүлделі 1-ші орынды иеленгендігі үшін дипломдармен марапатталды.

Аталған білім алушылармен олардың жетекшілеріне шығармашылық табыс тілейміз.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*