imankul-nur@mail.ru/ March 1, 2021/ Жаңалыктар/ 0 comments

ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Білім департаментінің ұсынысымен университетте 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай онлайн форматта лекция болып өтті. Аталған іс-шараның мақсаты Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясынан туындайтын негізгі бағыттарды, яғни ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік өз ара сенімділікпен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы және бейбітшілік пен келісім саясатын жүзеге асыру. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің Тәрбие істері және әлеуметтік даму ісі жөніндегі проректоры Н.Ш.Хайдаров – елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, университетіміздің білім алушыларын (Zoom) форматта 1 Наурыз “Алғыс айту” кунінмен құттықтап, тәрбие сағатын өткізді. Алғыс айту күнінің мән-мағынасы мен тарихы туралы да толық ақпарат берді.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published.

*
*