УНИВЕРСИТЕТТІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРДІ

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың жоғары білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында және де Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, Шымкент қаласындағы Халықаралық гуманитарлық – техникалық университет нен М. Сапарбаев атындағы институттың басшылығы бірігу туралы шешім қабылдады.

Екі жоғары оқу орнының бірігуі нәтижесінде 2021 жылдың 24 ақпанынан бастап Орталық Азия Инновациялық университеті құрылды. Жаңа университеттің ректоры болып т. ғ. к. профессор А. С. Ажидинов тағайындалды.

Бұл шешім біздің елімізге қызмет ететін болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға, сонымен бірге оқу орынның материалдық – техникалық базасын нығайтуға бағытталып отыр. Осы ретте, университеттің професор – оқытушылар құрамын және барлық кадрлық әлеуетті күшейту де, ірі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ғалымдардың күш-жігерін біріктіру де басты мақсаттардың бірі болып табылатынын айта кету керек.

Бүгінгі таңда ЖОО-ның білім беру қызметтерінің ішкі және сыртқы нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық рейтингтерге қатысу,жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен жоғары білім беру мамандарын даярлау (екі дипломды білім беру) басты назарда екенін де ескерген жөн. Білім берудің сапасын жақсарту арқылы , біз болашағымыздың гүлденуіне, республикамыздың дамуына үлкен жол ашамыз. Екі оқу ордасын біріктіру арқылы біз білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартуды көздеп отырмыз. Ол үшін шетелдік тәжірибелерді қолдана отырып, шетелдік топ менеджерлерді, профессор оқытушыларды тарту үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Біздің білім алушыларымызды шетелдік оқу орындарымен тәжірибе алмасу, оқыту, конференциялар мен форумдарға қатыстыруды да жолға қоямыз. Жаңа Орталық Азия Инновациялық Университеті бакалавриаттың 15 бағыты және магистратураның 5 бағыты бойынша кадр дайындайды. Білім алушылар контингенті 9 мыңнан астам білім алушысы бар оқу ордасында 475 магистрант білім алады. Университетте 400-ден астам профессор-оқытушыларымыз жұмыс істейді.

2020 жылғы түлектердің жұмысқа орналасуы жалпы университет бойынша 80 пайыздан жоғары көрсеткішті көрсетсе, педагогикалық кадрларды даярлау,жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайыздан жоғары болғанын да мақтанышпен айта кету керек.

Университеттің жалпы ауданы 32 мың ш. м. құрайтын 6 оқу корпусы, 400 орындық екі жатақхана мен 4 жабық спорт залы, 2 жабық спорт ғимараты бар. Сонымен бірге жабық жүзу бассейні мен тренажер залы сондай-ақ, қала сыртында оқу – жаттығу лагері бар.

БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТТІ ТАҢДАУДА МӘН БЕРЕТІН БАСТЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев – жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру мәселесін көтергені белгілі. Біздің Орталық Азия Инновациялық университеті осы талаптарға толықтай жауап береді.

Құрметті талапкер! Сіздің таңдауыңыз не үшін бізге түсуі керек екенін тарқатып айтып берейік:

1. Біз елімізде қызмет ететін болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға үлкен мән беретін бірден бір жоғары оқу орындарының біріміз. Сол себепті де оқу орынның материалдық – техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөлдік. Университеттің жалпы ауданы 32 мың ш. м. құрайтын 6 оқу корпусы, 400 орындық екі жатақхана мен 4 жабық спорт залы, 2 жабық спорт ғимараты бар. Сонымен бірге жабық жүзу бассейні мен тренажер залы сондай-ақ, қала сыртында оқу – жаттығу лагері бар.Түрлі ғылыми бағыттағы зертханалармен жабдықталған.

2. Екінші артықшылыққа – университеттің профессор – оқытушылар құрамынын жатқызайық. Сіздердің теориялық білімдеріңіз бен практикалық зерттеулеріңізді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, сапалы біліммен қамтамасыз ететін нақ осы профессор – оқытушылар құрамы.

3. Бүгінгі таңда ЖОО-ның білім беру қызметтерінің ішкі және сыртқы нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық рейтингтерге қатысу,жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен жоғары білім беру мамандарын даярлау (қос дипломды білім беру) басты назарда екенін де ескерген жөн. Біздің тағы бір артықшылығымыз ол – шетелдің жоғары оқу орындарымен бірлесе қос дипломды білім беру. Яғни бірден екі мемлекеттің дипломына ие болу мүмкіндігі. Біздің білім алушыларымызды шетелдік оқу орындарымен тәжірибе алмасу, оқыту, конференциялар мен форумдарға қатыстыруды да жолға қойдық.

4. Орталық Азия Инновациялық Университеті бакалавриаттың 15 бағыты және магистратураның 5 бағыты бойынша маман дайындайды.Бакалавриаттың 36 және Магистратураның 7 білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды.

5. Жұмысқа орналасуға ықпал етуді – келесі артықшылық деп бағалаңыз.

Түлектердің жұмысқа орналасуы жалпы университет бойынша 80 пайыздан жоғары көрсеткішті көрсетсе, педагогикалық кадрларды даярлау,жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайыздан жоғары екенін мақтанышпен айта кету керек.

6. Әскери кафедрада оқу мүмкіндігін де 6 – артықшылық деп белгілеңіз.

Құрметті түлектер! Президентіміздің талаптарына сай келетін, кәсіби маман дайындауда алдыңғы қатардағы оқу орынын таңдаңыз. Сапалы білім – болашақтың кепілі

Share this Page