Mukagali.2018@mail.ru/ February 17, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінде бүгін «COWORКING орталығы» ашылды.

Енді университетімізде ғылыми, шығармашылық жобалармен айналысуға құлық танытқан студенттерге ректорат тарапынан қолдау көрсетіліп, арнайы байқаулар өткізіліп тұратын болды.Сондай-ақ, студенттердің  жобалары  қаржыландыру  жүзеге асырылмақ. Бұл жайында бүгінгі «COWORКING орталығының» ашылу салтанатында университет ректоры т.ғ.к.,профессор Акмалдин Сапардинұлы мәлімдеді.

Іс – шарада алғашқы сөзді алған ректор  студенттерді осы бір атаулы күнімен құттықтап, жалпы coworкing сөзінің мән мағанасына, қайдан шыққандығы? не үшін керектігі? жастардың өмірінде алатын орны жайында ақпар берді. Аталмыш орталықтың ашылуына арнайы Шымкент қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» мамандары, университеттің профессор – оқытушылары мен студенттері және ғылыми жобалары бар шығармашыл жастар қатысты. Бұдан бөлек, орталықтың ашылу салтанатына арнайы шақыртылған т.ғ.к.,доцент, Ақылбаев Мұсабек Исламұлы сонымен бірге осы орталықтың төрағасы,студент  Дарқұл Бақыт Оралұлы да сөз алып, университет басшылығына  орталықты ашуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын жеткізді.

 Шара барысында университеттің Ғылыми және халықаралық қатынастар жұмыстары жөніндегі проректоры Мадина Елемесқызы  «start – ap» жобалардың негізі  жайында презинтация жасады. Шара соңынан ресми ашылу салтанатын өткізіп, кабинеттің лентасы қиылды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*